«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында болды.

Іс-шара барысында музей-қорық қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзара тәжірибе алмасу жүргізілді. Атап айтқанда, қор қызметі, экскурсиялық қызмет, цифрландыру және кадр жұмысы бағыттары бойынша мамандар өзара тәжірибе бөлісіп, кәсіби пікір алмасты.

Тәжірибе алмасу музей ісін жетілдіруге, заманауи әдістерді енгізуге және әріптестік байланысты нығайтуға бағытталды.