«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2024–2026 жж. арналған гранттық қаржыландыруы бойынша, ЖТН АР23486716 «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» ғылыми жобасын жүзеге асыруда.
Үш жылдық жобаның екінші жылында Катонқарағай, Ұлан аудандарында барлау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде таңба-белгілері бар құлпытастар табылған болатын. Анықталған таңбаларды мұрағат деректерімен салыстыра талдаған кезде олардың Сарыжомарт, Бура, Көкжарлы руларының «ергенек» таңбасы екендігі белгілі болды.
Зерттеу нәтижелері Scopus дерекқорына енген «Қазақстан археологиясы» журналында (Q-1) жарық көрді. Самашев, С. Қ. (2026). Алтайдағы ергенек таңбасы туралы. Қазақстан археологиясы, 32(2 (32), 459–473. https://doi.org/10.52967/akz2026.2.32.459.473
Жоба жетекшісі PhD докторы С.Қ. Самашев.
https://www.berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/810-altaj-aza-taryny-belgi-zh-jesi-men-ta-balary.html#sigFreeId2031c79edc











