Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Берел музей-қорығында қонақта болды.
Қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы Роза Қуанышқызы Берел музей-қорығына арнайы келіп, ежелгі Берел қорғандарының тарихымен және музей экспозицияларымен танысты. Экскурсия барысында сақ дәуірінің бірегей археологиялық мұрасы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызға қызығушылық танытып, Берел музей-қорығына ат басын бұрған қадірлі қонағымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.
View the embedded image gallery online at:
https://www.berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/808-aza-stanny-khaly-rtisi-roza-rymbaeva-berel-muzej-ory-yna-bardy.html#sigFreeId88b65b5f28
https://www.berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/808-aza-stanny-khaly-rtisi-roza-rymbaeva-berel-muzej-ory-yna-bardy.html#sigFreeId88b65b5f28











