Берелде туристік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандары Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы аумағында жерге орналастыру жұмыстарын жүргізді.
Аталған жұмыстар болашақта туристерге қызмет көрсететін сапар (визит) орталығын салу жобасына дайындық аясында жүзеге асырылуда. Жоспарланған орталық келушілерге сапалы ақпараттық қызмет ұсынып, туристер үшін қолайлы әрі заманауи жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта сапар орталығын салу жобасын іске асыру және туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Бұл бастама Берелдің туристік әлеуетін арттырып, тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға және халықаралық деңгейдегі тартымды туристік бағыттардың біріне айналуына ықпал етеді.
https://www.berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/803-turistik-infra-rylymdy-damytu-berelde-zherge-ornalastyru-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeId21c12bb41e











