Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері биылғы далалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады.

Далалық зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2024–2026 жж. арналған гранттық қаржыландыруы бойынша, ЖТН АР23486716 «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» ғылыми жобасы аясында атқарылуда.

Үш жылдық жобаның екінші жылында Марқакөл, Күршім өңірілерінде барлау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Жиделі ауылының маңында Құлеке бейіті анықталған болатын.

Бейіт құлпытасында төренің «тарақ» таңбасы айқын сақталған.

Зерттеу нәтижелері Scopus дерекқорына енген «Қазақстан археологиясы» журналында (Q-1) жарияланды.