Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері биылғы далалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады.
Далалық зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2024–2026 жж. арналған гранттық қаржыландыруы бойынша, ЖТН АР23486716 «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» ғылыми жобасы аясында атқарылуда.
Үш жылдық жобаның екінші жылында Тарбағатай және іргелес Зайсан ауданында барлау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Маңырақ тауларынан рулық сипаттағы таңбалар мен жартас суреттері анықталған болатын.
Сондай-ақ, Тарбағатайдың Құйған, Бозша, Маңырақ және басқада іргелес ауылдардың тұрғындарының күнделікті қолданыстағы ен-таңба белгілері зерттелді.
Жұмыс барысында ауданның көнекез қарияларынан сұхбаттар алынып, ен-таңба белгілеріне қатысты құнды мәліметтер жинақталды. Жоба жетекшісі PhD докторы С.Қ. Самашев.
https://www.berelmuseum.kz/kz/zhanaly-tar/795-berel-muzejini-alymdary-altajdy-k-ne-ta-balaryn-zertteude.html#sigFreeId9ed78385bf











