1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылы мектеп-интернат гимназиясының оқушылары келді. Экскурсия барысында оқушылар музей экспозицияларымен танысып, Берел қорғандарының тарихы мен археологиялық мұралары туралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ ашық аспан астындағы музей кешенін аралап, ежелгі дәуірдің құнды жәдігерлері жөнінде қызықты ақпараттармен танысты. Танымдық сапар жас ұрпақтың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдени мұраны құрметтеуге ықпал етті. Оқушылар экскурсиядан ерекше әсер алып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.